05 Қаң 2023
Жаңалыктар ЖОББМ 4

Республикалық «Бала құқығы» он күндігі аясында «Ерте жастан еңбекке араласқан баланың құқығы» тақырыбында 8-10 сынып оқушылары арасында дебат өткізілді

Мақсаты: Оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру. Оқушыларды адам құқықтарына оқыта отырып, түрлі өмірлік жағдайларда өз мүмкіндіктерін жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту. Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Бала құқықтары туралы» Конвенция, интерактивті тақта, слайдтар.

«Ерте жастан еңбекке араласқан баланың құқығы» тақырыбында 8-10 сынып оқушылары арасында дебат өтті. Дебатқа екі команда қатысты. Олар Әмір Жанерке, Шынарқызы Гаухар, Хайыр Думан, Сабиров Ернұр.

Екі команда арасында ерте жастан еңбекке араласқан баланың құқықтары туралы қызу пікірталас болды. Жетекшісі: Сухашев Медет Бауыржанұлы.