24 Қырқ 2022
Жаңалыктар ЖОББМ 4

ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ

Мектебімізде тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес ДТІЖО Д.Н.Утешова мектеп медбикесі Д.Р.Ағажанова және мектеп психологы С.Б.Курманованың қатысуымен "Қыз бала ұлттың ұяты, халықтың шырайы" тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді. Жиналыстың негізгі мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу. Жиналыста мектеп ережесі, тәртібі, және оқушы міндеттері айтылды.