08 Қырқ 2022
Жаңалыктар ЖОББМ 4

ЖАЛПЫҚАЗАҚСТАНДЫҚ АШЫҚ ДИКТАНТ ӨТКІЗІЛДІ

Білім басқармасы Қазақстан халқы Ассамблеясының “Мың бала” республикалық мәдени-ағартушылық жобасын ұйымдастыру және өткізу аясында 2022 жылғы 7 қыркүйек күні сағ. 10.00-де мемлекеттік тілде жалпықазақстандық ашық диктант өткізу жоспарланған болатын.

Іс-шараның мақсаты – этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.

Осыған орай №4 қосымша білім беру мектеп орталығы оқушылары, мұғалімдері мен қызметкерлері жалпықазақстандық “Ахмет Байтұрсынұлы – дәуірдің дара тұлғасы” атты тақырыптағы ашық диктантқа белсене қатысты.