06 Қырқ 2022
Жаңалыктар ЖОББМ 4

1 қыркүйек - Білім күніне арналған «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбындағы бірыңғай сынып сағаты

Мектебiмiзде 1 қыркүйек - Білім күніне арналған «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбындағы бірыңғай сынып сағаты өтті. Мақсаты: білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік, отансүйгіштік құндылықтардың адам өміріндегі рөлін бірлесіп талқылау.

Сынып жетекшілер сынып сағаттарын әртүрлі форматта ұтымды ұйымдастырып, оқушылар бойына отаншылдық сезімін, еңбекқорлық, білімпаздық дағдыларын дарытуға бағыттады.