06 Қырқ 2022
Жаңалыктар ЖОББМ 4

"АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ" САЛТАНАТТЫ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Бүгін Орал қаласы №4 қосымша білім беру мектеп орталығының ауласында «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиыны өтті. «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» деген тақырыпта өткізілген салтанатты жиын таңертеңгі сағат 9-да басталып, бір сағатқа жуық шамасында өтті. Алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Аймурзина Жанаргуль Тулегеновнаға беріліп, келген ата-аналар мен оқушыларды, мектеп ұстаздарын Білім күнімен құттықтады. Мектептің жеткен жетістіктері мен табыстары, атқарылған жұмыстары туралы қысқаша баяндап, жоғары нәтижеге жетуіне қолдау білдірген барша ата-аналар мен ұстаздарға алғыс айтты. Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша мектеп бітірген 12 түлектің 2-уі «Алтын белгіге» ие болды. Бітіруші түлектердің 50 пайызы грант иегері атанды. Бұл ұстаздар мен ата-аналардың, және оқушылардың бірлікте еңбек етулерінің арқасында қол жеткізіп отырған көрсеткіштер мен нәтижелері. №4 қосымша білім беру мектеп орталығы мектеп-орталығы биылғы оқу жылын

540 оқушымен бастағалы отыр. 1-ші сыныпқа 68 оқушы мектеп табалдырығын аттағалы отыр.
Орал қаласы Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Кайрекеев Талғат Қырықбаевич салтанатты жиынға қонақ болып келіп, сөз кезегі келгенде барша ұстаздар мен ата-аналарды, мектеп оқушыларын жаңа оқу жылымен құттықтап, толағай табыстарға жете берулеріне тілектестік білдірді. Осылайша бүгінгі Алғашқы қоңырау жиыны жоғары деңгейде өтіп, жиналған қауымның қошеметіне бөленді.