06 Қырқ 2022
Жаңалыктар ЖОББМ 4

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС

 27-тамыз күні мектебімізде педагогикалық кеңесі оздырылды.
Күн тәртібінінде
Тақырыбы:«Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық».
Мақсаты: Орта білім беру құндылықтары: қазақстандық отансүйгіштік және азаматтық жауапкершілік; құрмет; ынтымақтастық; еңбек және шығармашылық; ашықтық; өмір бойы білім алу.

Педагогикалық кеңес оқу-тәрбие жұмысының негізгі мәселелерін қарау үшін құрылған жұмыс орталығы онда қаралатын мәселелер – мектептің жылдық оқу-тәрбие жоспарында атап көрсетіледі және онда қаралып бекітіледі.

Педагогикалық кеңесте оқу-тәрбие жұмыстарының өзекті мәселелері талқыланып, нақты шешімдер қабылданады.

1. I. Практикалық бөлім
2. «Қазақ тілі мен әдебиеті,тарих пәнін құндылықтар негізінде оқыту: үрдістері,мәселелері,келешегі»-Аюпова Ж.Т.
3. II. Теориялық бөлім:
4. 2022-2023 оқу жылындағы мектеп жұмысының талдауы.2022-2023жаңа оқу жылының мақсаты мен міндеттері.-Бисекенова Д.С.
5. 2022-2023 оқу жылының оқу жұмыс жоспары, мұғалімдер жүктемесі туралы.-Ермуханова А.А.
6. ҚР жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатпен таныстыру.-Ермуханова А.А.
7. Пед әдеп кеңесін сайлау. Мектептің ішкі ережесімен таныстыру, Сынып жетекшілерді бекіту.- Утешова Д.Н.
8. Педагогтердің біліктілік курсынан өтуі туралы,біліктілік аттестаттау ісінің нәтижесі, аттестация құрамын бекіту,жас мамандарға тәлімгер бекіту.-Бисекенова Д.С.
9. Мектеп оқушыларын оқулықтармен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету туралы-Рушанова Г.М.
10. ІІI.Қорытынды бөлім.
Ағымдағы мәселелер- Аймурзина Ж.Т.