09 Ақп 2022
О школе

Психологиялық алдын-алу

Балаңызға сіз көрсететін қолдау мен көмек

Баламен сөйлескенде ҚОЛДАНБАҒАН ЖӨН сөздер:

- Саған мың рет айттым ғой, …

- Қанша рет қайталау керек…

- Осы сен не ойлап жүресің, …

- Есте сақтау соншалық қиын ба, …

- Сен … болып барасың

- Сен дәл … сияқтысың

- Қойшы, уақытым жоқ…

- Неге Алина (Настя, Марат, т.б.) сондай, ал сен ондай емессің…

Баламен сөйлескенде ҚОЛДАНҒАН ЖӨН сөздер:

- Менің ақылдым, көріктім (т.с.с.).

- Менде бар болғаның қандай жақсы.

- Жарайсың.

- Сені қатты жақсы көремін.

- Қалай жақсы жасағансың, маған да үйретші.

- Рақмет, саған өте ризамын.

- Сен болмасаң, қолымнан келмес еді.

 


 

Баламен сөйлесудің 10 ережесі

  1. Үйге ашығып келмеңіз. Ашыққан адам шыдамсыз, мазасыз болады.
  2. Өте шаршап қажымаңыз. Шамадан тыс физикалық, ақыл – ой жүктемелер өзіңізді жайсыз сезінуге әкеледі. Жұмыстағы қиындыққа бала кінәлі емес.
  3. Қызметіңіз туралы айтқанда бала қызметтің одан маңызды екенін сезінбесін. Қызметіңіз сізге ұнайды, баланы жақсы көресіз.
  4. Балмен сөйлесу бәрінен де маңызды. Ас дайындауда немесе басқа жұмыс барысында келген баланы итермеңіз. Бала – адам, ал кешкі ас пен жұмысты күтуге болады.
  5. Бала көмекші әрі отбасының тең құқылы мүшесі. Ыдыс жуу, еден жуу сияқты үйдегі ең ұнамсыз жұмыстарды тапсырып, баланы жалықтырмаңыз. Неге қоқысты бала төгу керек? Себебі, сіз бұйырасыз!
  6. Бала арқылы мен білемге салмаңыз. Сіз ересексіз, сондықтан көп білесіз. Егер де балаңыз басқалармен салыстырғанда өзіне, өз күшіне сенімді болсын десеңіз, бла ересектедей ой түйетінін сезетіндей сөйлесіңіз.
  7. Жұмыс – бұл жанұяны қамтамасыз ететін құрал. Егер өз өміріңіз үшін жұмыс маңызды болса, бала өзін бақытсыз сезінеді және тез ер жетуге асығады.
  8. Тыңдай біліңіз. Көпшілігіміз баланың ісі шала, сөзі маңызды емес деп санаймыз. Ол кішкентай болғанмен «глобальды» болуы мүмкін. Негізінде оның ісі мен сөзі өзіміз сияқты маңызды.Егер балаға сондай көзұарас танытсыңыз, онда ешқандай сенімділік болмайды.
  9. Баламен кеңесіңіз. Өз ойларыңыз бен уайыммен бөлісіңіз. Ақыл – кеңес сұраңыз және соған жүгініңіз.
  10. Тілім нан үшін қинай бермеңіз. Баланың Сізден материалды тәуелді екенін айтудан қашыңыз.

 


 

Ата – аналардың міндеті

  • Бала тәрбиесінің негізгі ата – анада жатқанын естен шығармау.
  • Мектептен және білім беретін мекемелермен тығыз байланыста болу, баланы сабақтан қалдырмау.
  • Балалардың өмірі үшін, оқуы үшін олардың рухани және қауіпсіз дамуын, адамгершілік жағынан қалыптасуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасау.
  • Баланы оқулықтар мен басқа оқу құралдарымен толық қамтамасыз ету.
  • Мектеппен, сынып жетекшілерімен, мұғалімдерімен байланыс жасап, оқушының оқулықтармен қамтамасыз етілуін ескеру.
  • Оқушы мектепке кешігіп қалмау үшін таңертең уақытылы баларын үйден шығарып салу.
  • Жыл мезгілдерінің ауа – райына байланысты киімдерін қадағалау.
  • Үйде баланың үй тапсырмасын орындауын қадағалау.
  • Көше ережелерін сақтауды еске салып тұру.
  • Мектепке мәдени шаралар өткізуге, жөндеу жұмыстарына көмектесуге міндетті.