15 Ақп 2022
Мектеп туралы

Психологиялық кеңес

 

Оқушыларға арналған жаднама

Емтиханға қалай әзірлену керек?

Ø Бірінші сабаққа әзірлену орныңды жасақта: үстел үстінен артық заттардың барлығын алып таста, оқулықтарды, көмекші құралдарды, тест жинақтарын, қағазды, қаламды, қарындашты ретімен орналастыр.

Ø Бөлме интерьеріне сары және сия көк түсті заттарды қосуға болады, себебі бұл түстер интеллектуалды белсенділікті арттырады.

Ø Әзірлік жоспарын жасақта, соған орай таңғы, ертеңгілік, не кешкі, түнгілік уақыттарды барынша пайдалан. Әр күнге әзірлік жоспарын жаса, сол  күні нені оқитының нақты белгілі болу қажет.

Ø Ең қиынынан баста, яғни өзің нашар білетін пәнді қолға ал. Бірақ саған бірден ұғыну қиын болса, өзіңе қызықты және жағымды пәннен және сол пәннің ең ұнамды тарауынан баста. Мүмкін біртіндеп жұмыс ритміне еніп, жұмысың алға басар.

Ø Әзірлік пен демалысты араластыр, 40 минут оқысаң, 10 минут үзіліс жаса. Үзіліс уақытында ыдыс жууға, гүл суаруға, жаттығу жасауға, душқа түсуге болады.

Ø Оқулықты түгел оқуға және жаттап алуға тырыспа. Жоспар, сызба арқылы материал құрылымын жасақтаған жөн. Жоспар қайталаған уақытта пайдалы.

Ø Осы пән бойынша жарияланған әртүрлі тестілерді орында. Бұл жаттығу тесттік тапсырмалардың құрылымымен таныстырады.

Ø Қолыңа секундомер алып жаттық. (1 тесттік тапсырмаға қанша уақыт кетеді).

Ø Емтиханға әзірлік уақытында сәтті орындай алмай қаламын деп ойлама, керісінше сәттілікті ойла.

Ø Емтихан алдында бір күнді қайталауға қалдыр, әзірлік уақытында жазған жоспарларыңды, сызбаларыңды бір қарап шық.

Емтихан таяғанда

Ø Емтиханға күні-түні дайындалып, сен шаршадың және саған қалжыраудың қажеті жоқ. Керісінше, кештен бастан әзірлікті тоқтат, душ қабылда, серуенде. Сергек, күшті, сақадай сай көңіл – күйде болу үшін барынша ұйқыңды қандыр. Емтихан – күрес секілді, онда сен өзіңді, өз мүмкіндіктеріңді және қабілетіңді көрсетуің қажет.

Ø Сабаққа кешікпей, жарты сағат бұрын барғаның жақсы. Өзіңмен бірге бірнеше қаламың болу керек.

Емтихан уақытында өзіңді қалай ұстау керек

Мұқият бол! ҰБТ басталмас бұрын саған барлық ақпаратты береді (бланкты қалай толтыру керек, қандай әріптермен жазу қажет, мектеп кодын және т.б.). Айтылған ережелерді мұқият есіңе сақта, себебі жауаптарыңның дұрыстығы оған тәуелді!

Емтихан уақытындағы ережені сақта! Орныңнан айқалама, егер сыныптағы ҰБТ – ны ұйымдастырушыға сұрақ қойғың келсе қолыңды көтер. Сенің сұрақтарың, тапсырма мазмұнына байланысты болмау керек, саған тек тіркеу бланкісін толтыру жөнінде ғана жауап береді немесе тест пакетінде қате жазулар, не бланкте мәтін түспей қалған жағдайда ғана жауап береді.

Зейініңді шоғырландыр! Тіркеу бланкісін толтырғаннан, өзіңе түсініксіз нәрселерді анықтағаннан кейін жаныңдағы адамдарды ұмытып, тест тапсырмаларына зейініңді шоғырландыр. Сен үшін тек тест тапсырмалары, уақыт қана бар. Асықпай тездет!

Қорықпа! Уақыттың қатаң шектеулігі сенің жауаптарыңның сапасына әсер етпеу керек. Сұрақты екі рет оқып, сенен нені сұрап тұрғанына көзіңді жеткізіп барып жауапты белгіле.

Жеңілінен баста!

Барлық сұрақты қарап шық және өзің  жауабына сенімділерінен баста. Сонда ғана сен сабырланып, жұмыс ырғағына енесің.

Тастап кет!

Қиын немесе түсініксіз тапсырмаларды тастап кетуге дағдылан. Есіңде сақта кез-келген тестте сен жауабын нақты білетін сұрақ болады. Егер сен қиын сұрақтарда ойланып тоқталып қалсаң, уақытты оздырып алсаң өкінішті болады.

Тапсырманы аяғына дейін оқы!. Асығыстық тапсырманың бірінші сөзін оқып, аяғын ойдан құрастыруға алып келеді. Бұл ең жеңіл тапсырмалардан қателесудің бірегей тәсілі.

Тек ағымдағы тапсырма туралы ойла! Бір тапсырманы аяқтап, екіншісіне кіріскенде алдыңғысын ұмыт, себебі тест тапсырмалары бір-бірімен байланысты емес.

Екі шеңберді жоспарла! Уақыттың 3 – тен 2 бөлігін сен үшін жеңіл тапсырмаларға арна (1 шеңбер), онда сен максимум ұпайлар жинайсың, екінші шеңберде қиын тастап кеткен тапсырмаларға ораласың.

Сызып таста! Сызу әдісі арқылы жұмыстан! Сұраққа маңдаспайтын жауаптарды бірінен соң бірін сызып отыр.

Таба біл! Егерде жауабыңыздың дұрыстығына күмәндансаң, таңдауға қиналсаң, өзіңнің ішкі сезіміңе (интуицияңа) сен!

Тексер! Өз жұмысыңды тексеруге уақыт қалдыр, ең болмағанда көзбен жүгіріп, бақырайып тұрған қателерді дұрыстайсың.

Ренжіме! Бүкіл тапсырмаларды орындауға тырыс, бірақ практикада бұл мүмкін еместігін есіңнен шығарма. Өйткені тест тапсырмалары шатастыру, ойлану үшін күрделі құрастырылады, ал жақсы бағаға кем дегенде тапсырманың 70% -ын орындау қажет.   Саған сәттілік серік болсын!