05 Қаң 2023
О школе

«Мектепке жол» акциясы

«Мектепке жол-жақсылық жасауға мүмкіндік»

Әлеуметтік жағынан аз қамтылған, тұрмысы төмен, көмекке мұқтаж отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында елімізде «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып келеді. Акция биылда өз жалғасын табуда. 2022 жылы «Мектепке жол» Республикалық акциясы балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде өткізілуде. Акцияның басталуы 2022 жылдың 1 тамызынан, аяқталуы — 2022 жылдың 30 қыркүйегінде. Осыған орай Орал қаласының №4 қосымша білім беру мектеп-орталығында акцияға қатысу туралы үндеу шығарылып, жаны жомарт, жүрегі нұрға толы белсенді азаматтармен әріптестік қарым-қатынас жүргізілді. Демеушілік көмектер көрсетіліп белсенділік таныта білген жомарт жандарда табылды. Сондай демеушілердің қатарынан «NADIM» жеке шаруашылық серіктестігі- 3 балаға оқу құралдары мен рюкзак үйлестірді. «Сделай детям добро» қоғамдық қоры- 19 балаға аяқ киіммен, «YARCHE» сауда дүкені – 1 балаға ақ жиде мен шалбар, ҚР БҚО «Батыс-Желтоқсан» қоғамдық бірлестіктігі оқу құралдары мен мектеп сумкасы ретінде көмектер көрсетілді. Осындай қол ұшын созған жайсаң жандарға алғысымыз шексіз!

«NADIM» жеке шаруашылық серіктестігі

«Сделай детям добро» қоғамдық қоры

«YARCHE» сауда дүкені

ҚР БҚО «Батыс-Желтоқсан» қоғамдық бірлестіктігі

Орал қ, №4 Қосымша білім беру мектеп орталығының әлеуметтік педагогы

Айшуакова И.М.