14 Желт 2022
Мектеп туралы

Семинар, конференциялар

Атауы Жүктеу
1  2022-2023 оқу жылы бойынша өткізілетің семинар,коучинг жұмыс жоспары PDF

Орал қалалық білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес,   12.12.2022 жылы  №4 қосымша білім беру мектеп-орталығында  «Озат тәжірибе мектебінің» кезекті семинарында  жаратылыстану пәні мұғалімдері  ашық сабақтар мен шеберлік сағаттар  өткізді. Семинарға қалалық озат тәжірибе мектебінің 45 тыңдаушысы қатысты.

Семинар тақырыбы: «Жаратылыстану  пәндерін оқытуда заманауи педагогикалық технологияларды қолдану»

Мақсаты:  Жас ұрпақтың бойында білім, білік дағдылары мен білім беру құндылықтарын  игеретін  педагогикалық шеберлікті жетілдіру.

Семинарды мектеп директоры Ж.Т.Аймурзина ашты. Ұстаздарды жылы қарсылап, семинар жоспарымен таныстырды. Қалалық білім беру әдіскері Ж.С. Кажгалиева сөз алып, семинарға сәттілік тіледі.Семинардың ашылуында Қосымша білім беру мектеп -орталығының үйірме оқушылары өнер көрсетті.

Семинар барысында бағдарламаға сәйкес  химия пәнінен Н.С.Жумабаева, биология пәнінен А.Е.Тажаякова, география пәнінен М.С. Тапишев  жаңа әдіс-тәсілдермен бөлісу мақсатында ашық сабақтар,  география пәнінің мұғалімі А.А.Ермуханова   «Сабақта табысқа жетуге жағдай туғызу тәсілдері» тақырыбында   шеберлік сағаттар оздырылды.

Сабақтар жан-жақты, ғылыми жағынан күрделі құрылып, сәтті шықты.

Шеберлік сағаттарында  химия, биология, география пән мұғалімдеріне түрлі зерттеу тапсырмалары беріліп, мұғалімдер өз ойларымен теориялық білімдерін толықтырып, практикамен ұштастыра білді. Қызығушылықпен белсене қатысты. Семинар соңында жаратылыстану пән бірлестік мұғалімдері кері байланыс жасап, семинарды жоғары бағалады.