10 Нау 2021
О школе

Жас мамандармен жұмыс

«Жастар — жасампаздық бастауы» атты жас мамандар апталығы


№4 қосымша білім беру мектеп-орталығында жас мамандармен өткізілген іс-шараның өту  барысы туралы анықтама

2021 жылдың 26-қараша күні жас мамандарға арналған «Оқытуды жаңаша ұйымдастырудың мәні» тақырыбында коучинг өткізілді. Бұл коучингке мектебіміздегі 5 жас маман қатысты. Жоспарға сай коучингтің өту мақсат – білім беру үдерісін ұйымдастырудың нақты тәжірибелерін пайдалану және әдістемелік тәсілдерді көрсету.

Алдымен жас мамандарға психологиялық ахуал орнатып, кейін оқушы тұлғасын сомдау берілді. Жас мамандарға ақ парақ қағазды өздері қалағанынша жыртып, баланың бейнесін жасап шығарды. Тыңдаушыларға берілген екінші тапсырмада олар лупа, ақ парақ, жұлдызшалардың бірін таңдады. Бұл заттарды өздергі бейнелеген оқушы тұласымен байланыстырып, ой түйді. Айгүл Аманбекқызы: «Лупаны  алған себебім - алдымдағы әр оқушының қабілетіне, дарындылығын үңіле білу және қызығушылығын арттыра білу» десе, Арайлым: «Жұлдыз алағанда маған мына ой келді -әр бала бір жұлдыз деп қарап, сол жұлдызды жарқырату». Медет: «Аспанда жұлдыздар сансыз көп. Сол секілді оқушының бойындада сансыз ашылмаған қырлары болады. Сол қырын мен жарқыратып көрсеткім келеді» десе, Назерке: « Парақ алаған себебім - алдымыздағы әр тұлға осы ақ парақтай болып келеді, сол тұлғаны білім нәрімен қуаттандырып, әр сабағымыздың нәтижесін көре алатындай өсіру» ой топшалады.

Одан кейін жүргізілген жұмыс - миға шабуыл. Сурет ұсынылып, не бейнеленгені, қандай мағына беретіні сұралды. Тыңдаушылардың ойынан кейін атақты ғалым Ли Шульманның 3 көмекшісімен қатар жаңартылған білім мазмұны туралы толық мәлімет берілді. Жас мамандарға «Карусель» әдісінің өту барысымен, оның тиімді тұстары таныстырылып өтті.  Осы әдісті өткізу барысында төмендегіше сұрақтар қойылды.

1.Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасында қолданылатын құжаттар?

2.Жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшеліктері қандай?

3.Өзіңіз білетін кез келген модульді жазып кетіңіз.

4.Критериалды бағалау деген не сіздің ойыңызша

5.Қандай белсенді оқу әдістерін білесіз?

Ең соңғы айналымда әр қатысушының өз парағы өзіне келіп, түйін жасалды.

Ойын әдісінің де  оқыту үдерісінде маңызды рөл алатындығын тілге тиек етіп,  ең қызықты да тиімді әдістерінің бірі, оны жиі қолдану жас мамандарға ұсыныс ретінде айтылды. «Миксер» ойыны кезінде жас мамандар серігіп, демалыс жасап алды. Коучинг соңында «Plickers»бағдарламасында жұмыс жүргізілді. Бүгінгі іс-шара барысында алған мәліметтер қорытыланды. «Плюс, минус, қызықты» рефлексиясы алынды. Іс-шара барысында тыңдаушылар белсенділік таныта білді. Барлық жас мамандар жаңалыққа жаны құмар, шығармашыл жастар екендігі байқалды.

Ұсыныс:

  1. Жас мамандармен өтетін апта сайынғы отырысты қызықты әрі пайдалы етіп ұйымдастыру;
  2. Ұжым алдында тәлімгерлерімен бірлескен жұмысының таныстырылымын ұсыну;
  3. Мектебіміздегі озат тәжірибелі мұғалімдердің іс-тәжірибелерімен таныстыру;

 

ДӘІЖО :                                    Бисекенова Д.С.

Жас маман жетекшісі:           Баянова Г.О.


Жас мамандар құрамы

Жетекшісі: Баянова Г.О.


Название Скачать
1 Жас мамандармен жұмыс PDF

Жас мамандармен жұмыс жоспары  

(2021-2022 оқу жылы )

 

Мақсаты: Жас мамандарды анықтау,оларға оқу-әдістемелік көмек беруді ұйымдастыру

 

Өткізілетін жұмыс мазмұны

Мақсаты

Уақыты

Жауапты

Қаралды

Есеп беру формасы

Қыркүйек

1

«Жедел жәрдем» жас мұғалім мектебінің жоспарын құру,бекіту

Жұмыс бағыттарын айқындау

1-2

Бисекенова Д.С.

Баянова Д.С.

Әдістемелік кеңесі

Жоспар

2

Жас мұғалімдерді жеке еңбек келісім шарттарымен таныстыру,техника қауіпсізідігі жөнінде нұсқаумен таныстыру

Жалпы ережемен таныстыру

8-10

Бисекенова Д.С.

Баянова Д.С.

Әдістемелік кеңесі

Нұсқаулық

3

Жас ұстаздарға тәлімгер тағайындау

Жүйелі әдістемелік көмек беру

1-3

Бисекенова Д.С.

Баянова Д.С.

Әдістемелік кеңесі

Бұйрық

4

Мектеп құжаттарымен, жұмыс істеу тәртібімен,сабаққа қойылатын талаптармен таныстыру

Мектеп құжаттарының сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету

13-17

Бисекенова Д.С.

Баянова Д.С.

Бірлестік отырысы

Нұсқаулық

Қазан

1

Жас ұстаздардың өзіндік білім көтеру,жеке тақырыптық жоспарын жобалау,өңдеу,құру

Сабақ жоспарын сауатты құруға көмектесу

6-8

Тәлімгерлер

Бірлестік отырысы

Жоспар

2

Тренинг: 

«Ұстаз мұраты»

Жас маманды жаңа ортаға бейімдеу

8

Бисекенова Д.С.

Баянова Д.С.

Бірлестік отырысы

Анықтама

3

Кәсіби кеңес: «Оқушы білімін әділ бағалау»

Теориялық және әдістемелік көмек

29

Бисекенова Д.С.

ӘБ төрайымы

Мектеп психологы

Бірлестік отырысы

Анықтама

Қараша

1

Тәжірибелі ұстаздардың әдістемелік, коммуни-кабельдік тәсілдерін үйрету үшін олардың сабақтарына қатысуды ұйымдастыру

Жалпы біліктілік деңгейін көтеру

15-19

Тәлімгерлер

Бірлестік отырысы

Өзара сабаққа қатысу дәптерін тексеру қорытынды сы

2

Коучинг: «Оқытуды жаңаша ұйымдастыру дың мәні»

Шынайы білім сапасына қол жеткізу нысандарын түсіну,білімді жеке тұлғаға бағыттап жаңаша беру

26

Бисекенова Д.С.

Баянова Д.С.

Жас маман отырысы

Анықтама

Желтоқсан

1

Баяндама: «Педагогтік әдеп және ұстаздық шеберлік»

Педагогтік әдеп мәнін,қиыншылықтардың ұтымды шығу жолдарын ұғынуға көмек тесу

10

Тәлімгерлер

Жас маман отырысы

Анықтама

2

Сұраныс бойынша: «Үйренерім көп менің» жас ұстаздарды семинарларға,байқауларға қатыстыру

 

Шеберлігін шыңдау

Сұраныс

Бисекенова Д.С.

Баянова Д.С.

Бірлестік отырысы

Анықтама

Қаңтар

1

Оқыту семинары: «Заманауи білім берудің әдіс-тәсілдері»

Теориялық және әдістемелік көмек

6-7

Бисекенова Д.С.

Баянова Д.С.

Әдістемелік кеңесі

Хаттама

Ақпан

1

«Білім мен тәрбие егіз» дөңгелек үстел

Білім бере отырып,тәрбие беруге үйрету

11

Тәлімгерлер

ӘБ төрайымдар

Бірлестік отырысы

Хаттама

Наурыз

1

«Менің кәсіби өсуімдегі тәлімгер көмегі»жас мұғалімдер мен тәлімгердің бірігіп сабақ беруі

Тәлімгерлік үдерісті дамыту

25

Жас мамандар

Тәлімгерлер

Бірлестік отырысы

Сабақ талдау

Сәуір

1

«Жас келсе іске...» жас мамандар апталығы

 

 

Жас мамандарды шығармашылыққа баулу

11-15

Бисекенова Д.С.

Баянова Г.О.

ӘБ төрайымдары

Директор жанындағы кеңес

Хаттама

Мамыр

 

1

Жас ұстаздардың жұмысына талдау жасау,ұсыныс беру

Жұмыс нәтижесін шығару

30

ӘБ төрайымдары

Тәлімгерлер

Әдістемелік кеңесі

Анықтама